СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ӨТКІЗУГЕ САРАПШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) жоғары білім;

2) сарапшы ретінде әрекет етуі көзделіп отырған қызмет саласында кемінде 5 жыл не сарапшы ретінде әрекет етуі көзделіп отырған қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда, кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;

4) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін соңғы 3 жыл әкімшілік жазаның болмауы;

5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылмауы;

6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болмауы.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз және(немесе) электрондық тасығышта келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) дербес деректерін өңдеуге келісімді растай отырып және телефон нөмірлері мен электрондық поштаның мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, бірінші басшының атына еркін нысанда жазылған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін нотариат куәландырған көшірмелері);

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылуын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін нотариат куәландырған көшірмелері);

5) бар болған жағдайда ғылыми дәрежені растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін нотариат куәландырған көшірмелері).

         Одан басқа, конкурстық іріктеуге қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін орнату үшін Egov.kz электрондық үкімет порталынан келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру туралы анықтама

 Конкурстық іріктеу кезеңдері:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау (9 қарашадан бастап 13 қарашаға дейін);

2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген өлшем шарттарға сәйкестігіне қарау (а.ж. 16 және 18 қарашасы);

3) тестілеуге жіберілген үміткерлерге хабарлама жіберу (а.ж. 19 және 20 қарашасы)

4) үміткерлерді тестілеуден өткізу (а.ж. 23 қарашасы).

Үміткерлер үшін тестілеудің шекті мәні кемінде 30 (отыз) дұрыс жауапты құрайды;

4) әңгімелесу туралы хабарлама (а.ж. 24 және 25 қарашасы)

5) сарапшылардың тізіміне енгізу үшін үміткерлермен әңгімелесу (а.ж. 26, 27 және 30 қарашасы).

Үміткерлерді тестілеу 1 сағат бойы жүргізіледі және қолданыстағы заңнамаларды білуін тексеретін 40 сұрақты қамтиды:

1) «Құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңы

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазаңдағы №568 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары.

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазаңдағы №569 қаулысымен бекітілген, Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары.

5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 21 тамыздағы №268 бұйрығымен бекітілген,Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

 

Қосымша: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 21 тамыздағы №268 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

 

Құжаттарды қабылдау орны:

Мекенжайы

Байланыс телефоны

Электрондық пошта

  1.  

Алматы қаласы, 050040,

әл-Фараби даңғылы, 71

8 (727) 377-33-33 (ішкі1477), 8 (727) 3773339

(ішкі 3232, 1354)

info@kaznu.kz

  1.  

Нұр-Сұлтан қ., 010000,  Сығанақ көш, 29, 

504 кабинет (5-қабат)

8 776 0100789

institutsapargalieva@gmail.com

  1.  

Ақтау қ., 130000, 29 «А» шағын ауданы, №135 ғимарат, 5-кабинет

call-орталық: 87013041062

«Шығыс-2», №2 ғимарат, Жаннұр» Бизнес-орталығы, 408-каб.

aktau.niis @mail.ru

  1.  

Ақтөбе қ, 030000, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 292, 106-кабинет

call-орталық: 87774921925

87014931029

ҚАЗПОЧТА ғимараты, Әбілқайыр хан даңғылы 62, 305-каб.

aktobe.niis@mail.ru

  1.  

Атырау қ., 060000, Баймұқанов көшесі, 51б

call-орталық: 87019215021

Балықшы, Калмуханов көшесі 22, 26-каб.

atyrau.niis@mail.ru

  1.  

Көкшетау қ., 020000, Ғабдуллин көшесі, 30, 35- кабинет

call-орталық: 87013304263

87711528185

«Капитал» БО, Назарбаев даңғылы 29Б, 401-каб.

kokshetau.niis@mail.ru

  1.  

Қарағанды қ., 100000,

"Grey Plaza" БО,

Гоголь көшесі, 34а

605/1-кабинет

call-орталық: 87002926112

 

karaganda.niis@mail.ru

  1.  

Қостанай қ., 110007, Чернышевский көшесі, 59, 419-кабинет, А корпусы

call-орталық: 87054526999

Кустанайтурист қонақ үй кешені

Байтұрсынов көшесі 72, 306-кеңсе

kostanay.niis@mail.ru

  1.  

Өскемен қ., 070000,            30 Гвардейская дивизия көшесі, 22

call-орталық: 87057797646

Бизнес-орталық, Сәтпаев даңғылы, 62, 814-кеңсе,

oskemen.niis@mail.ru

  1.  

Орал қ., 090000,            Ғұмар Караш көшесі, 29/1

call-орталық: 87471161909

87051803424

«Лингво» аударма орталығы , Ихсанов көшесі 73, 3-үй-жай, 10-каб.

oral.niis@mail.ru

  1.  

Тараз қ., 080000, Мыңбұлақ  шағын ауданы, 23-үй

call-орталық: 87009519395

Бизнес-орталық, Төле би көшесі 80, 14-каб.

taraz.niis@gmail.com

  1.  

Талдықорған қ., 040000, Абай көшесі, 331/2

call-орталық: 87473696154

87007822820

Жігер Бизнес-орталығы, Ақын Сара көшесі, 137, 3 б-кеңсе

taldykorgan.niis@gmail.com

  1.  

Түркістан қ., 161200,

Кентау тас жолы, 3

call-орталық: 87057531046

«Ханака» қонақ үй кешені, 3-блок, Байбурт көшесі 3а, 2-каб. (2-қабат)

turkestan.niis@gmail.com

  1.  

Петропавл қ., 150000, Театральная көшесі, 42

call-орталық: 87018543351  

87056419042

Бизнес-орталық, Абай көшесі 29, 302-каб.

petropavl.niis@gmail.com

  1.  

Павлодар қ., 140000, Горький көшесі, 102/4, 215А-кабинет

call-орталық: 87057088400

Бизнес-орталық, Астана көшесі 132, 29-каб.

pavlodar.niis @mail.ru

  1.  

Шымкент қ., 160000, Қонаев даңғылы, 83/1

call-орталық: 87786198676

Бизнес-орталық, Бәйдібек би көшесі 32 А, 205-каб.

 

shymkent.niis@mail.ru

  1.  

Қызылорда қ., 120000, Қонаев көшесі, 17А

call-орталық: 87082343014

Қазақ Гуманитарлық-заң және Техникалық колледжі, Қонаев көшесі 17 А /, 209-каб.

kyzylorda.niis@mail.ru