«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізетін Үйлестіруші болып айқындалды.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізетін Үйлестіруші болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілгенНормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының
10-тармағына сәйкес,Үйлестіруші конкурстық негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тартады.

Осыған байланысты, біз сарапшыларды конкурстық іріктеуге қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға үлес қосуға ниетті барлық азаматтарды шақырамыз.

 

Конкурстық іріктеуге қатысушыларғақойылатын біліктілік талаптары:

1) жоғары білім;

2) сарапшы ретінде әрекет етуі көзделіп отырған қызмет саласында кемінде 5 жыл не сарапшы ретінде әрекет етуі көзделіп отырған қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда, кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;

4) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін соңғы 3 жыл әкімшілік жазаның болмауы;

5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылмауы;

6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болмауы.

 

          Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылы 9 қазанда сағат 10:00-ден бастап –  2020 жылы 15 қазанда сағат 24:00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша.

 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз және(немесе) электрондық тасығышта келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) дербес деректерін өңдеуге келісімді растай отырып және телефон нөмірлері мен электрондық поштаның мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, бірінші басшының атына еркін нысанда жазылған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқаларыұсынылмағанжағдайда, салыстыруүшіннотариат куәландырған көшірмелері);

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылуын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (түпнұсқаларыұсынылмағанжағдайда, салыстыруүшіннотариат куәландырған көшірмелері);

5) бар болған жағдайда ғылыми дәрежені растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін нотариат куәландырған көшірмелері).

 

Одан басқа, конкурстық іріктеуге қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін орнату үшін Egov.kzэлектрондық үкімет порталынан келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) соттылықтың болуы не болмауы туралыанықтама;

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру туралы анықтама.

 

Конкурстық іріктеу кезеңдері:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау (9 қазаннан бастап 15 қазанға дейін);

2) конкурстық іріктеуге қатысушылардыңқұжаттарын белгіленген өлшем шарттарға сәйкестігіне қарау (а.ж. 16 және 19 қазан);

3) тестілеуге жіберілген үміткерлерге хабарлама жіберу (а.ж. 20 және 21 қазан);

4) үміткерлерді тестілеуден өткізу (а.ж. 22 қазан).

Үміткерлер үшін тестілеудің шекті мәні кемінде 30 (отыз) дұрыс жауапты құрайды;

5)  әңгімелесу туралы хабарлама (а.ж. 23 және 26 қазан);

6) сарапшылардың тізіміне енгізу үшін үміткерлермен әңгімелесу (а.ж. 27 – 29 қазан аралығында).

 

Үміткерлерді тестілеу 1 сағат бойы жүргізіледі және қолданыстағы заңнамаларды білуін тексеретін 40 сұрақты қамтиды:

1) «Құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗЗаңы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазаңдағы №568 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазаңдағы №569 қаулысымен бекітілген, Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары; 

5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Төрағасының 2020 жылғы 21 тамыздағы №268 бұйрығымен бекітілген,Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

 

Қосымша: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Төрағасының 2020 жылғы 21 тамыздағы №268 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

 

Құжаттарды қабылдау орны:

 

Мекенжайы

Байланыс телефоны

Электрондық пошта

  1.  

Алматы қ., 050040,

әл-Фараби даңғылы, 71

8(727)377-33-33

(ішкі 1477), 8(727)3773339

(ішкі 3232, 1244), 

info@kaznu.kz

  1.  

Нұр-Сұлтан қ., 010000,  Сығанақ көш, 29, 

504 кабинет (5 қабат)

8 747 8599835,

8 705 2978603

institutsapargalieva@gmail.com

  1.  

Ақтау қ., 130000, 29 «А» шағын ауданы, №135 ғимарат,

5-кабинет

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

aktau.niis @mail.ru

  1.  

Ақтөбе қ, 030000, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 292, 106-кабинет

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

aktobe.niis@mail.ru

  1.  

Атырау қ., 060000, Баймұқанов көшесі, 51б

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

 776 4267630

atyrau.niis@mail.ru

  1.  

Көкшетау қ., 020000, Ғабдуллин көшесі, 30, 35- кабинет

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

kokshetau.niis@mail.ru

  1.  

Қарағанды қ., 100000, Гоголь көшесі, 34а

605/1-кабинет

call- орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

karaganda.niis@mail.ru

  1.  

Қостанай қ., 110007, Чернышевский көшесі, 59, 419-кабинет, А корпусы

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

kostanay.niis@mail.ru

  1.  

Өскемен қ., 070000,            30 Гвардейская дивизия көшесі, 22

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

oskemen.niis@mail.ru

  1.  

Орал қ., 090000,            Ғұмар Караш көшесі, 29/1

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

oral.niis@mail.ru

  1.  

Тараз қ., 080000,

Мыңбұлақ  шағын ауданы, 23-үй

 

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

taraz.niis@gmail.com

  1.  

Талдықорған қ., 040000, Абай көшесі, 331/2

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

taldykorgan.niis@gmail.com

  1.  

Түркістан қ., 161200,

Кентау тас жолы, 3

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

turkestan.niis@gmail.com

  1.  

Петропавл қ., 150000, Театральная көшесі, 42

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

petropavl.niis@gmail.com

  1.  

Павлодар қ., 140000, Горький көшесі, 102/4, 215А-кабинет

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

pavlodar.niis @mail.ru

  1.  

Шымкент қ., 160000, Қонаев даңғылы, 83/1

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

shymkent.niis@mail.ru

  1.  

Қызылорда қ., 120000, Қонаев көшесі, 17А

call-орталық: 8 747 8599835, 8 705 2978603,

8 776 4267630

kyzylorda.niis@mail.ru