Ғайрат Сапарғалиев туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, заң ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, қазақстандық білім және заң ғылымының ұйымдастырушыларының бірі Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиевтың есімі Қазақстанда ғана емес, оның аумағынан тыс та аса танымал. Қазақстанда оның есімін білмейтін адам жоқ шығар. Мектеп оқушылары бірнеше тілдерде миллондаған тираждармен шығатын оның оқулықтары бойынша құқық негіздерін меңгерсе, студенттер Қазақстан Республикасының конституциялық құқық бойынша оқулықтарды оқып үйренеді, ғылыми зерттеушілер мемлекет және құқық, конституционализм бойынша халықаралық конференцияларда көптеген баяндамалар, мақалалар, монографияларды егжей-тегжейлі зерттейді.

Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиев 1930 жылы 26 маусымда Семей облысының Жаңа Семей қаласында дүниеге келген. Семей облысының Жарма ауданында орта мектепті бітірген. 1948 жылдан 1952 жылға дейін КСРО – ның заң білімі мен ғылымының жетекші орталықтарының бірі - Д.И. Курский атындағы Саратов заң институтында оқыды, ол әрқашан мемлекет пен құқық теориясы, конституциялық құқық саласындағы ғылыми әзірлемелерімен танымал болды. Саратов конституциялық құқық ғылыми мектебінің жарқын өкілдері ретінде Исаак Ефимович Фарберді, Владимир Терентьевич Кабышевты тануға болады.
Алайда, Ғайрат Сапарғалиұлы Алматы қаласындағы ҚазКСР Ғылым академиясының құқық секторының аспирантурасына оқуға түсті. КСРО Ғылым академиясының құқық институтында аспирантураның табысты аяқталуы 1955 жылдың 7 қазанында «Қазақстанда мәдени революцияны жүзеге асырудағы Кеңестік Социалистік мемлекет пен құқықтың рөлі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаумен есте қалды. Осылайша, ол классикалық ғалымның жолымен жүріп, 25 жасында заң ғылымдарының кандидаты болды. Кандидаттық диссертацияны қорғау ғалымның өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болар, себебі бұл жас зерттеушінің ғылыми талдау қабілеттіліктері мен теориялық деңгейіне ғылыми қауымдастықтың алғашқы толыққанды бағасы болып табылады, оған үлкен ғылымға жол ашады. Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиевтың әрі қарайғы ғылыми, шығармашылық қызметі аталмыш шешімнің дұрыстығын растады. 
1967 жылдың 31 қаңтарында 36 жасында «Патшалықтың Қазақстандағы революциялық-азаттық қозғалысына қарсы жазалау саясаты (1905-1917 жж.)» тақырыбына докторлық диссертацияны ойдағыдай қорғауы заңдылық. Аталмыш іргелі еңбек Ғайрат Сапарғалиұлының ғылыми мамандануын анықтады, соңыра құқық теориясы және конституионализм сұрақтары бойынша көп зерттеулеріне қарамастан бірінші орында Қазақстанның мемлекет және құқық тарихшысы ретінде анықтады. Аталмыш іргелі диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми қауымның жоғары бағасына лайық болған «Қазақстандағы патшалықтың жазалау саясаты» монографиясы жарияланды.  
Ғ.С.Сапарғалиевтың еңбек қызметі шамамен жарты ғасырдай ҚазКСР Ғылым академиясының, соңыра Қазақстанның Тәуелсіз ғылым академиясының қабырғасында өтті. Ғайрат Сапарғалиев өзінің еңбек қызметін ҚазКСР Ғылым академиясының құқық философиясы секторының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастады, ол 1958 жылдың қаңтарында ҚазКСР Ғылым Академиясының Философия және құқық институты болып қайта құрылды. Аталмыш мекеме құрылған сәттен бастап Ғайрат Сапарғалиұлы 1969 жылдың желтоқсанына дейін ғылыми хатшысы, аға ғылыми кеңесші болып жұмыс істеді, ал 1969 жылдың желтоқсанынан бастап 1973 жылдың ақпанына дейін ҚазКСР Ғылым академиясының Құқық және философия институтының директорының орынбасары болды. Одан кейін, 1973 жылдан 1992 жылға дейін, яғни шамамен 20 жылдай аталмыш институттың секторының меңгерушісі. 1995 жылдың қаңтарында Ғ.С.Сапарғалиев Қазақстан Республикасының Мемлекет және құқық институтының директоры болып тағайындалды, ол 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының (бұдан әрі Қазақ гуманитарлық-заң университеті) құрамына кірді. Қазақ гуманитарлық заң университетінің жүйесінде Алматы қаласында аталмыш институтты қысқартқан сәттен бастап Академик Ғ.С. Сапарғалиев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмыс істей бастады, ол жерде жаңадан құрылған Мемлекет және құқық институтын басқарды. 
Оның өмірінің соңғы жылдары Астана қаласында орналасқан құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институтымен байланысты болды және Ғайрат Сапарғалиұлы қайтыс болғаннан кейін Ғайрат Сапарғалиұлы атындағы мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институты болып қайта құрылды. 
1989 жылы Ғ.С.Сапарғалиев ҚазКСР Ғылым академиясына корреспондент-мүше болып сайланды, ал 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі болды.
Ғайрат Сапарғалиұлының орасан оқытушылық қызметін атап өткен жөн. Ол Алматы қаласындағы әр түрлі ЖОО-да қоса атқарумен оқытушылық қызметін атқарды, атап айтқанда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде), ҚазМЗУ Алматы заң академиясында. 1992 жылдың қыркүйегінде Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қайтадан құрылған заң факультетінің алғашқы деканы болып сайланды. Аталмыш лауазымда ол 1994 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеді. 1996 жылдың маусымында Ғ.С.Сапарғалиев өзге танылған ғалым-заңгерлермен бірлесіп «Парасат» Қазақ академиялық институтының (әрі қарай Қазақ академиялық университетінің) құрылтайшысы болды.           
Сонымен қатар, Ғайрат Сапарғалиұлының қызметінің басты бағыты көптеген онжылдықтар ішінде көп жоспарлы ғылыми жұмыс болды, ол негізінен өмір бойы болды. С.Ф.Ударцев қабылдаған негізгі ірі бағыттар бойынша Ғ.С.Сапарғалиевтың ғылыми қызметін топтастыру әрекеті оның жұмыстарын келесі циклдерге, топтарға бөлуге мүмкіндік береді:
    А) Қазақстан мемлекет және құқық тарихы бойынша – ежелгі түркі құқығы, ерте ортағасырлық құқық тарихы, Мемлекет тарихы және ХХ ғ. басындағы құқық және кеңестік кезең, Қазақстанда конституционализмнің қалыптасу тарихы;
    Б) Қазақстанның саяси және құқықтық ойы тарихының жекелеген тақырыптары бойынша;
    В) құқық жүйесі туралы очерктер – Кеңес мемлекеті және жалпы құқық туралы, Мемлекет жүйесі және егемен Қазақстанның құқығы туралы очерктер (негізінен);
    Г) конституциялық және әкімшілік құқық, мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша еңбектері.
    Кіріспе сөзде оның барлық ғылыми еңбектері туралы айту мүмкін емес, олардың кейбіреулері бірнеше басылымға шыққан. Жоғарыда атап өтілмеген, бірақ біздің ойымызша, оның шығармашылық өмірінде шешуші болып табылатын жекелеген түрлеріне ғана тоқталуға болады деп санаймыз.   
    Қазақстанның саяси және құқықтық ой-пікірдің құнды зерттеуі А.Н.Тәуекеловпен бірлесіп жазылған «Әл-Фарабидың мемлекеттік-құқықтық көзқарастары» кітабы болып табылады. Бұл жұмыста авторлар ойшылдың мемлекеттің табиғаты мен формасына, ізгі және надан (адасқан) мемлекеттің билеушілері туралы көзқарастарын егжей-тегжейлі көрсетеді. 
Құқықтық ой тарихында Ш. Ш. Уәлихановтың құқықтық көзқарастарына қатысты Ғайрат Сапарғалиұлының мақаласы елеулі орын алады. Бұл жұмыста ойшылдың қазақтардың әдеттегі құқығына, әсіресе билердің сотына деген көзқарасы, қазақтың әдеттегі құқығына, шариғат нормаларына және басқа елдердің заңнамалық актілеріне салыстырмалы-құқықтық талдау мұқият талданды. 
    Ғ.С.Сапарғалиев С.З.Зиманов және М.А.Биндердің редакциясымен 1961-1965 жылы шыққан «Кеңестік Қазақстан мемлекет және құқық тарихы» үш томдығы авторларының бірі болды. Осылайша, бірінші томда ол 1921 жылдан 1925 жылға дейінгі Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық өмірінің тарихы туралы бес параграфты жазды. Аталмыш зерттеу әдеби және мұрағаттық ақпараттың көпшілігімен сипатталатын Ғ.С.Сапарғалиевтың жұмысының жарқын үлгісі болып табылады. Мұрағаттық материалдарды өңдеу және іздеу шеберлігі бүкіл оның өмірі бойында ғылыми-зерттеу қызметіндегі шығармашылық қолтаңбалардың бірі болып табылады. Автордың 1923 жылы «Қырғыз (яғни қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» Қазақ АССР ОСК декретінің қабылдануына байланысты 1920 жылдардың бірінші жартысындағы іс жүргізуге қазақ тілін енгізу бойынша тәжірибені талдағаны ерекше, бұл қазіргі уақытта да өзекті.
    Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиевтың ғылыми қызығушылығының ауқымы және кең ой-өрісіне широком кругозоре и масштабе научных интересов «Революцияға дейінгі Қазақстандағы жер аударылған поляктардың қоғамдық-саяси қызметі» (В.А.Дьяковпен бірге) сияқты оның жұмыстары дәлел, соңыра поляк тіліне аударылып, Варшава қаласында шықты. 21 жылдан кейін Поляк Республикасының сеймі қазақстандық ғалымды естелік медальмен марапаттады.        
    Немесе 2006 жылғы филолог А.Н.Гаркавцпен бірге алғаш рет «Төре бiтiгi. Мхитар Гош Армян Кодексінің қыпшақ-поляк нұсқасы және армян-қыпшақ процессуалдық кодексі. Львов, Каменец-Подольский. 1519-1594» XVI қыпшақтардың құқықтарының естелігін аудару және шығару, осылайша, Кавказ және Шығыс Еуропа халықтарының құқығымен қыпшақтардың құқықтық жүйесінің тығыз байланыстылығына дәлел болатын мемлекет және құқық тарихының аса белгілі емес бетін ашты. 
    Академик Ғ. Сапарғалиевтің ғылыми шығармашылығының жеке блогы Қазақстан Республикасындағы конституционализмнің дамуы болып табылады. 2007 жылы оның «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының қалыптасуы (1990 – 1996 жж.)» кітабы шықты. Заңгерлердің жаңа буынының құқықтық санасына шешуші әсер еткен конституциялық құқық бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстар циклін де атап өткен жөн.
Оның кәсіби қызметінің жекелеген кезеңі ретінде тәуелсіз Қазақстанның аса маңызды заң жобаларын әзірлеуші ретінде заң шығару қызметіне де, нормативтік құқықтық актілердің әртүрлі жобаларына сарапшы ретінде де қатысуын тану қажет. Осы күрделі де, ең көп еңбекті қажет ететін жұмыста біздің елдің негізгі заңдарын дайындаудағы Ғайрат Сапарғалиұлының рөлі ерекше орын алады. Үш Конституцияның тең авторы болу мүмкіндігі әрбір ғалымның өмірінде бола бермейді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы Конституция жобасын дайындағаны үшін профессор Сапарғалиевке еңбегі сіңген заңгер атағы берілді. 
     Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиев туралы айта отырып, оның ғылыми және педагогикалық жұмыстармен тығыз байланысты қоғамдық қызметіне  тоқталмай кетуге болмайды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан Ғайрат Сапарғалиұлы Қазақстанның қоғамдық дамуына, өтпелі кезең мен Егемен, құқықтық және әлеуметтік мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасу проблемаларына бей-жай қарамады. Академик Сапарғалиев Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде істерді қарау кезінде бірнеше рет сарапшы болды, түрлі жұмыс топтарының, ғылыми-консультативтік комиссиялардың, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамында болды.
    1998-2003 жылдар аралығында Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиев Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия құрамында жұмыс істеді. Бұдан басқа, халық бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болды, Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің, қолданыстағы заңнама жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру жөніндегі кешенді жұмысты ұйымдастыру үшін жұмыс тобының құрамына кірді.
    Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиев тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық құрылысының белсенді қатысушылары, жарқын ғалымдарының бірі ретінде Қазақстан тарихына енгені сөзсіз.